Бәрібаев ауданы — 1928-1930 жылдары болған Қазақ АКСР-інің Алматы округінің әкімшілік бөлінісі. Орталығы - Басқан ауылы.

Бәрібаев ауданы 1928 жылы Алматы округінің құрамында Жетісу губерниясы Лепсі уезінің Бәрібаев және Көктерек болыстарының бөліктерінен құрылды.

1930 жылы Бәрібаев ауданы жойылып, оның аумағы Ақсу және Лепсі аудандары арасында бөлінді.

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның таратылған аудандары