Сырдария округі — 1928-1930 жылдары болған Қазақ АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.
Сырдария округі 1928 жылы 17 қаңтарда Ақмола, Семей және Сырдария губернияларының бөліктерінен құрылды. Аудан орталығы - Шымкент қаласы болды. Округқа 21 аудан кірді:
Арыс ауданы. Орталығы — Ишанбазар ауылы. Әулиеата ауданы. Орталығы — Әулиеата қаласы. Бадам ауданы. Орталығы — Сайрам ауылы. Беловодск ауданы. Орталығы — Белые Воды ауылы. Бостандық ауданы. Орталығы — Қожакент. Жуалы ауданы. Орталығы — Бурное ауылы. Иіржар ауданы. Орталығы — Славянское ауылы. Қаратас ауданы. Орталығы — Тұрбат ауылы. Қараспан ауданы. Орталығы — Арыс ауылы. Келес ауданы. Орталығы — Сарыағаш ауылы. Қызылқұм ауданы. Орталығы — Ақтөбе ауылы. Манкент-Сайрам ауданы. Орталығы — Манкент қыстағы. Меркі ауданы. Орталығы — Меркі ауылы. Сарысу ауданы. Орталығы — Кентарал қыстағы. Созақ ауданы. Орталығы — Созақ ауылы. Талас ауданы. Орталығы — Ұйық мекені. Түркістан ауданы. Орталығы — Түркістан қаласы. Түлкібас ауданы. Орталығы — Түлкібас ауылы. Шаян ауданы. Орталығы — Шаян ауылы. Шу ауданы. Орталығы — Ново-Троицкое ауылы. Жаңақорған ауданы. Орталығы — Жаңақорған ауылы.
1928 жылы 19 маусымда Қаратас ауданының орталығы Шарапхана ауылына, ал Манкент-Сайрам ауданының орталығы - Сайрам қыстағына көшірілді.
1928 жылы 23 маусымда Шу ауданы Мойынқұм ауданы болып өзгертілді.
1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР-інің барлық басқа округтары сияқты округ таратылып, оның аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді.
Әдебиет
Санат:Қазақ АКСР округтары Санат:Қазақстан тарихи облыстары