2001: Ғарыш одиссеясы () — Стэнли Кубриктің 1968 жылы шыққан ғылыми-фантастикалық фильмі. Өз жанрындағы және жалпы кино тарихындағы ең әсерлі әрі мықты фильмдердің бірі. Кинотуындыда адам эволюциясы, бөгдеғаламдық тіршілік, ғарыштану, технологиялардың дамуы, жасанды интеллект сияқты мәселелер көтеріледі.
1991 жылы бұл фильм АҚШ Конгресс кітапханасының Ұлттық фильмдер регистріне енгізілді. Фильмге Артур Кларктың «Қарауылшы» () атты әңгімесі негіз болған; ал жазушының «2001: Ғарыш одиссеясы» атты романы фильм премьерасынан кейін жарияланды. Фильм және кітаптың құрметіне НАСА өзінің Марстық миссиялардың бірін атады. thumb|thumbtime=57|Түпнұсқалық трейлер
Сюжет Фильмде адамзаттың тылсымды қара монолиттерге кездесулері баяндалады. Біріншісі эволюция басында орын алып, жабайы топтардың құралдарын жасап шығаруға әсер еткен. Енді бір кездесуі ғарыштану кезеңінде болады, Ай бетіне жеткен адамдар монолитті ай топырағынан шығарыспақ болған шақта, ол Юпитер жаққа қуатты толқындық сәулені шығарады. Кейін сол бағдармен арнайы ғарыш экспедициясы ұйымдастырылды - оған екі пилот, анабиозға енгізілген бірнеше ғалым және жасанды интеллектісі бар HAL 9000 компьютері кірді.
Марапаттар мен номинациялар Сыйлықтың атыНоминациясыНоминантНәтижесіДер. Оскар сыйлығы Үздік режиссер Стэнли Кубрик The 41st Academy Awards 1969 Үздік түпнұсқалық сценарий Стэнли Кубрик және Артур Кларк Үздік қоюшы суретші жұмысы Энтони Мастерс, Гарри Ланг және Эрнест Арчер Үздік визуалды эффекттер Стэнли Кубрик BAFTA Үздік фильм Стэнли Кубрик Film Nominations 1968 Үздік қоюшы суретші жұмысы Энтони Мастерс, Гарри Ланг және Эрнест Арчер Үздік операторлық жұмыс Джеффри Ансуорт Үздік дыбыс Уинстон Райдер United Nations Award Стэнли Кубрик Círculo de Escritores Cinematográficos Үздік шетел фильмі 2001: Ғарыш одиссеясы Premios del CEC a la producción española de 1968 Давид ди Донателло сыйлығы Үздік шетел фильмі Стэнли Кубрик 2001: A Space Odyssey
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:АҚШ ғылыми-фантастикалық фильмдері Санат:Стэнли Кубрик фильмдері Санат:Ұлыбритания фантастикалық фильмдері Санат:MGM фильмдері Санат:Warner Bros. фильмдері Санат:Үздік визуалды әсерлер үшін Оскар сыйлығының иегерлері (фильмдер)