Орал-Ембі ауданы — 1932-1933 жылдары болған Батыс Қазақстан облысы мен Гурьев округіндегі әкімшілік бірлік.

Тарихы Орал-Ембі ауданы 1932 жылы 19 қарашада Гурьев, Жылыой және Тайпақ аудандарының бөліктерінен Қазақ АКСР Батыс Қазақстан облысының құрамында құрылды. Доссор кеніші ауданның орталығы болып белгіленді.

1933 жылы 17 шілдеде Орал-Ембі ауданы Гурьев округіне берілді.

1933 жылы 5 қыркүйекте Орал-Ембі ауданы таратылды.

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның таратылған аудандары