Шүңкәров Өтелген (1938 жылы, Маңғыстау облысы, Қызан ауылдық кеңесі, Құлқара жері) — философия докторы және химия ғылымының кандидаты (1973).

Еңбек жолы 1963 жылы ҚазМУ-дің химия факультетін бітіріп, еңбек жолын Атырау қаласындағы бұрынғы "Синтезспирт" зауытынан бастады. Орта Азия мұнай ғылымын зерттеу институтының Маңғыстау бөлімшесінде жұмыс жасады. 1968 жылы мұнай химиясы және тұздар институтының аспирантурасына түсті. Оны бітіргеннен кейін, 1973 жылға дейін Жаңаөзен қаласындағы қазақ газ өңдеу зауытында орталық химиялық лабораторияның меңгерушісі болды. Содан кейін Ақтау қаласындағы мұнай ғылымы және жобалау институтында аға ғылым қызметкер, сектор, лаборатория меңгерушісі болып қызмет атқарды.

Осы жылдары 6 авторлық куәлік алды және 30 ғылыми мақалалары мерзімді баспасөзде, арнаулы басылымдарды жарияланды. Маңғыстау мұнайын судан, мұздан, топырақ, тастан тазарту бағытындағы еңбегі нәтижелі болды. Осы мақсаттағы физикалық және химиялық процестерді зерттеуге арналған лаборатория Ш-тың тікелей басшылық етуімен құрылды. 1987 жылдан бері Маңғыстаудағы Қазақ политехникалық институтында аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі болып еңбек етті. «Маңғыстау энциклопедиясы» Дереккөздер

Санат:1938 жылы туғандар Санат:Маңғыстау ауданында туғандар Санат:Химия ғылымдарының кандидаттары