Кэтрин Луиза Боуман (; 1989/1990 Батыс Лафайетт, Типикэну, Индиана, АҚШ) — америкалық инженер және компьютер ғалымы. Компьютерлік көру, суретті өңдеу, атмосфералық оптика, астрофотография және физикалық модельдеуді біріктіретін пәнаралық зерттеу саласында жұмыс атқарады. 2019 жылдың сәуірінде Оқиға Көкжиегі Телескопымен (the Event Horizon Telescope. EHT) Мессье 87 галактикасының ядросындағы өте үлкен қара құрдым бейнелеу алгоритмін жасаушы ретінде ерекше атаққа ие болды Dave Bangert, That first-ever black hole picture? A West Lafayette grad played a big part, 10 сәуір 2019.. Кэтрин Боуман 2014 жылдан бері осы тақырыппен айналысып келедіVincent L. Fish, Michael D. Johnson, Ru-Sen Lu, Sheperd S. Doeleman, Katherine L. Bouman, Daniel Zoran, William T. Freeman, Dimitrios Psaltis, Ramesh Narayan, Victor Pankratius, Avery E. Broderick, Carl R. Gwinn, Laura E. Vertatschitsch, «Imaging an Event Horizon: Mitigation of Scattering Toward Sagittarius A*», ApJ, arXiv.org, 16 қыркүйек 2014..

Өмірбаяны Кэтрин Боуман 2011 жылы Мичиган университетінде Электротехника бакалаврының қызыл (summa cum laude) дипломын және 2013 жылы МТИ-де Электротехника магистрі дипломын алды, МТИ-де Кэтрин Боуман аспирантурада мансабын жалғастырды. Кэтрин 2014 жылы магистрлік жұмысы үшін Эрнст ГийеминEECS Celebrates — Fall 2014 Awards, қараша 2018. атындағы сыйлыққа ие болды. 2017 жылы ол "Физикалық модельді инверсиялау арқылы экстремалды түсірілім: бұрышқа қарап, қара тесіктердің суреттерін салу"Katherine Louise Bouman, «Extreme imaging via physical model inversion : seeing around corners and imaging black holes», DSpace@MIT, 2017. тақырыбында диссертацияны сәтті қорғады. 2014 жылдан бастап оның ғылыми-зерттеу қызметі оқиға көкжиегі телескопымен тікелей байланысты болды (Event Horizon Telescope); 2015 жылдан бастап ол ғылыми жұмыс кездесулерінде шақырылған спикер болдыExtreme Imaging Workshop, декабрь 2015., 2016 жылдан бастап жаңалықтарда сарапшы ретінде оның есімі пайда болды Larry Hardesty, «A method to image black holes», MIT News, 6 маусым 2016.. 2016 жылдың қараша айында ол "Қара шұңқырдың суретін қалай алуға болады" тақырыбында TED дәрісін оқыдыKatie Bouman, «How to take a picture of a black hole», қараша 2016., ол екі миллионнан астам қаралым жинады. Сонымен қатар, ол ғылыми журналдарда және академиялық конференциялардың еңбектер жинағында жариялануын жалғастырды, 2020 жылға қарай Хирш 19 индексіне жеттіKatherine L. Bouman.

Боуманның негізгі идеясы - қара тесіктер қыздырылған газдардың бұлты түрінде "көлеңке" қалдырады, олар қара тесіктен айырмашылығы телескоптар мен олардың камералары арқылы түсіріледі Professor Katie Bouman, «Imaging a Black Hole with the Event Horizon Telescope», 17 сәуір 2019..

Сыртқы сілтемелер thumb|200px|Оқиға Көкжиегі Телескопы арқылы алынған қара құрдымның алғашқы тікелей бейнесі 2019 жылдың сәуірінде жарияланған

Дереккөздер

Санат:Философия докторлары Санат:Массачусетс технологиялық институты түлектері Санат:АҚШ компьютер ғалымдары Санат:Мичиган университет түлектері