Уэст-Честер университети () — 1871 жылы Пенсильвания штатындағы Уэст-Честер қаласында құрылған мемлекеттік университет.
Университет 1871 жылы Пенсильвания штатындағы жоғары оқу орны ретінде құрылды. Қазіргі уақытта 6 колледжде және 1 кәсіптік лицейде 17719 студент оқиды. Университетте 118 бакалавриат бағдарламасы, 103 магистратура және 4 докторантура бағдарламасы бар. Оның негізгі кампустары Филадельфия мен Уэст-Честерде орналасқан.
Университетті Орталық штаттардың жоғары білім жөніндегі комиссиясы аккредиттеді.WEST CHESTER UNIVERSITY OF PENNSYLVANIA Сонымен қатар, бұл жоғары білім беру мекемесі Пенсильвания штатының жоғары білім беру жүйесінің бөлігі болып табылады. Уэст-Честер университеті Forbes журналының 2019 жылғы рейтингісіне сәйкес АҚШ-тың ең үздік 150 мемлекеттік университетінің қатарына кіреді.West Chester University of Pennsylvania Сол жылы US News журналы ұйымдастырған рейтингте Уэст-Честер Университеті АҚШ-тың солтүстік штаттарындағы 1400 мемлекеттік университеттер арасында 17-ші орынға ие болды.West Chester Is #17 on U.S. News Best Public Schools List
Уэст-Честер Университетінің түлектері арасында АҚШ-тың бірінші ханымы Джилл Байден және бұрынғы вице-адмирал Брайан Питерман бар.
Дереккөздер
Санат:АҚШ жоғарғы оқу орындары