нобай|240px| «Семсерден соқа соғып шығарайық» — Евгений Вучетич жасаған мүсін.
1957 жылы жасалған бұл мүсіннің атауы Көне келісімдегі бейбітшілікке шақыру сөздері болып келеді.
1958 жылы Брюссельде өткен Дүниежүзілік көрмеде Вучетичке бұл өнер туындысы үшін гран-при табысталды.
1959 жылы Кеңес Одағы бұл мүсінді Біріккен Ұлттар Ұйымына тарту етеді. Қазір ол Нью-Йоркте, БҰҰ-ға қарасты Солтүстік саябағында орналасқан.Let Us Beat Swords Into Ploughshares БҰҰ сайтында
Көшірмелері Мүсіннің әр қалаларда орналасқан үш көшірмесі бар.
Біреуі Мәскеуде, Третьяков галереясына қарасты саябақта тұр.
Тағы біреуі Волгоградта, «Газоаппарат» зауытының кіреберісінде тұрғызылған.
Үшіншісі Өскемендегі Орталық мәдениет үйінің кіреберісінде, сол жағында қойылды (ал оң жағында Жұлдыздарға қарай мүсіні тұр). Бұл мүсін 1962 жылы шойыннан жасалған.Жизнь и судьба двух скульптур Усть-Каменогорска
Пошта маркаларында және тиындарда
Дереккөздер
Санат:Мүсіндер Санат:Біріккен Ұлттар Ұйымы Санат:Өскемен