Ақ Ирий қалашығы — Есіл алқабы мен Батыс Сібір ойпатының қиылысқан жерінде, Солтүстік Қазақстан облысының Долматов ауылында орналасқан. Ақ Ирий – иран тілінен аударғанда «Ақ жұмақ» деген мағынаны білдіреді. Ақ Ирий қаласы ж.с.д. V ғасырдағы сақ дәуіріне жатады. Көне елді мекен дала және орман тұрғындары арасында өзіндік алдыңғы бекініс ретінде қолданылған. Бекіністі қаланың ішінен археолог-ғалымдар үйлерді, ұста шеберханалары мен қыш (керамика) дайындау өндірісінің қалдықтарын тапқан. Қала екі жағынан да адам өте алмайтын құрылыстармен шектелген биік, үшбұрышты мүйісте орналасқан. Археологтар оны «Ақ Ирий» деп атаған. Зерттеушілердің болжамы бойынша, ескі қалашық діни-шаруашылық және қорғану мақсатында салынған. Бекініс құрылыстары, археологтардың айтуынша, отқа табынған және зороастризмге сенетін дала сақтарының меншігінде болған. Бұрыштары мен қабырғаларының ортасында төбені ұстауға арналған бағаналары бар 35-45 шаршы метрді құрайтын, қабырғалары бұтақтардан, шыбықтардан жасалып, балшықпен сыланған үйлер табылған. Қазба кезінде табылған көптеген күйдірілген кірпіштер Ақ Ирийде кірпіш күйдіру технологиясының игеріліп, қолданылғанын растайды. Табылған заттар қаланың тұрғындары сол темір дәуірінің ерте кезеңінің өзінде дамудың айтарлықтай жоғары деңгейіне жеткендігін дәлелдейді. Металды балқытуға арналған пештердің қалдықтары көне сақтардың металлургия өндірісі технологиясын да жақсы білгенін растайды. Ескі қала аумағында сонымен қатар Жапон, Жерорта теңіздерінде кездесетін каури ұлу құбыршақтарыныңhttps://en.wikipedia.org/wiki/Cowrie табылуы таңғаларлық дерек болып табылады. Олар ақша ретінде қызмет атқаруы мүмкін деген де болжам бар. Демек, сақтар ауқымды сыртқы сауда қатынастарын да жүргізген деп айтуға болады. Бекініс дуалының іргетасына су өткізбейтін материал ретінде тоз (қайың қабығы) пайдаланылған. Сонымен қатар балшық күйдіретін және металл балқытатын пештер де табылған. Мұндағы бірегей жәдігерлер бұл аумақты сақ тайпалары мекендегенін және олардың мәдениеті тереңде жатқанын аңғартады. 2013 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің археологтары Ақ Ирий қалашығының орнында ашық аспан астындағы мұражай ашуды ұсынды. Мамандардың пайымдауынша, мұндай кешен табиғат аясында демалып, ел тарихымен танысқысы келетін туристер ағынын арттырады. Бұл бастаманы билік өкілдері жылы қабылдап, қолдау көрсеткендіктен, қазіргі таңда мұражай құрылысы басталып кеттіhttps://qazaqstan3d.kz/kz/kulturnoe-nasledie/gorodishhe-ak-irii.
Дереккөздер
Санат:Көне қала Санат:Археология Санат:Сақ дәуірі