«Соғыс және бейбітшілік» () — Лев Николаевич Толстойдың роман-эпопеясы, 1805-1812 жылдардағы Напелеонға қарсы соғыс кезеңіндегі орыс қоғамы жайлы баяндайды. Романның эпилогы 1820 жылға дейінгі оқиғаларды қамтиды.
Романның жазылу тарихы Эпопеяның жазылу идеясы «Соғыс және бейбітшілік» болып қағазға түспей тұрып пайда болды. Толстой «Соғыс және бейбітшіліктің» жобалы нұсқасында өзінің 1856 жылы "басты кейіпкер отбасымен Ресейге оралған желтоқсаншы болатын повесть" жазып бастағанын жазған. "1825 жылы менің кейіпкерім ересек отбасылы адам болды. Оның жан-дүниесін түсіну үшін оның жастық шағына яғни 1812 жылдарға үңілу керек». Осылайша Лев Толстой оқиға желісін 1805 жылдан бастауды жөн көрді. Басты тақырып — 1812 жылғы Отан соғысындағы орыс халқының тағдыры. Романда 550-ге жуық кейіпкер бар. Оның тең жарымы ойдан шығарылған, тең жарымы шынайы тарихи тұлғалар. Толстой ең мықты кейіпкерлерінің күрделі ішкі жан дүниесін, шындықты іздеп шарқ ұруын, мінсіздікке ұмтылысын ашып көрсетеді. Ондай кейіпкерлерге кнәз Андрей, граф Николай, граф Пьер, графиня Наташа және кнәйім Марья жатады. Жағымсыз кейіпкерлерде даму, динамика жоқ. Оларға: Элен, Анатоль жатады.Әлемдегі теңдессіз 100 кітап
Романда жазушының философиялық көзқарастары ерекше маңызды орын алады. Публицистикалық тараулар оқиғалардың көркем сипаттамасынан бұрын келіп, олардың мән-мағынасын түсіндіреді. Лев Толстойдың фатализмі оның тарихтың стихиялылығын адамзаттың «бейсаналы, жалпы, топтық (ройлық) өмірі» ретінде түсінуімен байланысты. Толстойдың өз сөзімен айтқанда, романның басты идеясы — «халықтық ой» болып табылады.«Война и мир» — роман-эпопея Льва Николаевича Толстого. Википедия.
Толстойдың пайымдауы бойынша, халық — тарихтың басты қозғаушы күші және ең үздік адамгершілік қасиеттердің иесі. Басты кейіпкерлер халыққа жақындау жолынан өтеді (мысалы, Бородино даласындағы Пьер; сарбаздар Безуховты «біздің барин» деп атаған). Толстойдың тамаша адамгершілік идеалы Платон Каратаевтың бейнесінде, ал әйел затының идеалы Наташа Ростованың бейнесінде көрініс тапқан. Кутузов пен Наполеон — романның екі түрлі адамгершілік полюсі: «Қарапайымдылық, мейірімділік пен шындық жоқ жерде ұлылық та жоқ». Лев Толстой: «Бақыт үшін не қажет? Тыныш отбасылық өмір... және адамдарға жақсылық жасау мүмкіндігі», — деп есептеген.
Жазылу тарихы Лев Толстой бұл шығармамен жұмыс істеуге сегіз рет қайта оралған. 1861 жылдың басында ол 1860 жылдың қарашасы мен 1861 жылдың басы аралығында жазылған «Декабристер» романының тарауларын Иван Тургеневке оқып беріп, бұл еңбегі туралы Александр Герценге хабарлаған.Л. Н. Толстой. Война и мир. История создания романы. Интернет-библиотека Алексея Комарова. Алайда, бұл жұмыс бірнеше рет шегеріліп, ақыры 1863—1869 жылдары «Соғыс және бейбітшілік» романы жазылып шықты. Белгілі бір уақыт бойы Толстой бұл роман-эпопеяны 1856 жылы Пьер мен Наташаның Сібір айдауынан оралуымен аяқталуы тиіс үлкен баяндаудың бір бөлігі ретінде қарастырды («Декабристер» романының сақталған үш тарауында дәл осы туралы айтылады). Толстой бұл ойды іске асыруға соңғы рет 1870-ші жылдардың соңында, «Анна Каренинаны» аяқтағаннан кейін әрекет жасады.
1865—1866 жылдары «Русский вестник» журналында «1805 жыл» деген атаумен романның бірінші томының бірінші және екінші бөлімдеріне сәйкес келетін мәтін жарық көрді.История создания романа Л. Н. Толстого «Война и мир». Русская виртуальная библиотека. 1867 жылдың күзінде Толстой Бородино шайқасын сипаттаудың барлық егжей-тегжейін нақтылау үшін Бородино даласына барады.Роман «Война и мир» (1863-1869). Государственный музей Л.Н. Толстого. 1867 жылдың маусымында «Русский архив» баспагері П. И. Бартеневпен романды жеке кітап етіп шығару туралы келісімшартқа отырғаннан кейін де, Толстой жазылған дүниелерді түзетуді жалғастырып, романның соңын 1868 жылы (тіпті 1869 жылдың басында) аяқтады.История создания романа «Война и мир». Портал Культура.РФ.
1868—1869 жылдары «Соғыс және бейбітшілік» романы алғаш рет толықтай жеке басылым болып (алты томдық, тиражы 5000-ға жуық дана) автордың өз қаражатына жарық көрді (кейінгі басылымдарда төрт том болып өзгерді).Официальный сайт Российской государственной библиотеки. Раздел редких книг. Кітап зор табысқа ие болды.Л. Н. Толстой. «Война и мир» — краткое содержание и история публикации. Брифли. Осы жетістіктің толқынында 1869 жылы алғашқы төрт томға минималды түзетулер енгізіліп, романның екінші басылымы қайтадан алты том болып шықты.
Дереккөздер
Санат:Лев Толстой романдары Санат:Тарихи романдар Санат:Соғыс және бейбітшілік Санат:Роман-эпопеялар Санат:Ресей империясы жайлы романдар