Функционалды топ — химиялық қасиеттерді қалыптастыратын органикалық молекуладағы құрылымдық бөлік (атомдар тобы). Оған байланысты затты белгілі бір классқа жатқызуға болады. Әртүрлі молекулалардың құрамындағы бірдей болған функционалды топтар химиялық реакциялардың неғұрлым бірдей өтуіне әсер етеді.
Ғалымдарға 100-ден аса функционалды топ белгілі.
Мысалдары thumb|200px|Бензил ацетаттың үш функционалды тобы: эфирдік (қызыл түсті), ацетилдік (жасыл эллипсте) және бензилдік (қызғылт эллипсте). Оттегі атомы бар функционалды топтар: Гидроксил тобы –ОН, Карбонил тобы >С=O Карбоксил тобы –COOH Алкоксил тобы –OR (мыс. –ОСН3), т.б. Азот атомы бар функционалды топтар: амин тобы –NH2 нитроқосылыстар –NO2 нитрозоқосылыстар –NO нитрил тобы –CN гидразин тобы –NHNH2 амид тобы –CONH2, т.б. Күкірт атомы бар функционалды топтар: тиольдік –SH сульфидтік >S дисульфидтік –S–S– сульфоксидтік >S=O, сульфондық >SO2, т.б. Қанықпаған көміртек-көміртек байланыстары бар топтар: қосарланған және үштік байланыс –С=С–, –С≡С– ароматтық бөліктер –С6H5, т.б. Басқа атомдары бар топтар: металл атомдары –Li, т.б., галоген атомдары –Cl, т.б.
Екі не одан да көп функционалды топтары бар молекулалар полифункционалды деп аталады.
Санат:Функционалды топтар