Медеу ауданы — Алматы қаласының ең ірі әкімшілік, өндірістік және мәдени орталығы. Қаланың ең таңдаулы аудандарының бірі болып есептеледі. Ескі аты — Фрунзе ауданы. 1995 жылдан Медеу ауданы болып аталады.

Аудан шекаралары Аудан шекарасы: Әл-Фараби даңғылынан солтүстікке қарай Фурманов көшесінің шығыс жағын бойлай Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылының оңтүстік жағын бойлай шығысқа қарай Кіші Алматы өзеніне дейін; Кіші Алматы өзенінің шығыс жағын бойлай солтүстікке қарай қала шекарасына дейін; қала шекарасын бойлай Көктөбе санаторийіне қарай апаратын жолмен қиылысына дейін әл-Фараби даңғылына дейін; әл-Фараби даңғылын бойлай солтүстік-шығысқа қарай Фурманов көшесіне дейін, Атырау, Думан, Көктөбе, Көктөбе-2, Жаңа Көктөбе, Бутаковка, Тау-Самал ықшамаудандарын, Алатау кентін, Медеу, Шымбұлақ шатқалдарын қоса алғанда.

Әкімдері Тұрарбек Асанов (1991-1997) Владимир Васильев (1997-2005) Василий Крылов (2005-2007) Махамбет Бейдәлі (2007-2010) Сұлтанбек Мәкежанов (2010-2016) Ержан Жылқыбаев (2016-2019) Сұлтанбек Мәкежанов (2019-2020) Әсет Масабаев (2020-2022) Еркебұлан Оразалин (2022 жылдан бастап)

Дереккөздер

Санат:Алматы аудандары