Қаптағай батыр Түгелбайұлы (1700-1760) – ХVIII ғасырдағы ақтабан шұбырынды аласапыран кезеңде Абылай хан бастаған қазақ батырларының сапында жоңғарға қарсы шайқасқан айтулы қолбасылардың бірі. Қазақ елінің бірлігі, жерінің тұтастығы жолындағы шешуші шайқастарда ерен ерлігімен көзге түсіп, Абақ Керей ішінде Қарақас руының ұранына айналған батыр.

Қаптағай батыр ШҚО Зайсан ауданына қарасты Кендірлік өзені бойына жерленген. 2019 жылы басына ескерткіш орнатылып, аудан орталығынан көше аты берілді.Қарақас Қаптағай./ құраст. Ұ. Бапай.-Алматы: 2019. -288 бет. ISBN 978-601-06-5851-6

Дереккөздер

Санат:1700 жылы туғандар Санат:1760 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақ батырлары Санат:Қолбасшылар