Сүтана () — Украинаның Запорож облысындағы Азов маңының солтүстік-батысындағы ең ірі өзен, Азов теңізінің Сүтана көлтабанына құяды. Ұзындығы - 197 км, су алабы ауданы - 3450 км². Ертеде (негізінен XVIII-XIX ғасырларда) өзен мен оның айналасы жиі «сүтті су» (түрк. «Сүттен») деп те аталатын.

Қалалар: Тоқмақ, Молочанск, Қызжар

Сипаттамасы Солтүстікте және батыста өзен су алабы Днепр су алабымен, шығысында - Азов теңізіне құятын шағын өзендердің (Корсак, Лозоватка, Обиточная) су алабымен шектеседі. Өзен теңіз деңгейінен 307 м биіктікте орналасқан Тоқмақ молалары (Көк тау) кристалды тау жыныстарындағы бастаулардан басталады. Сүтана жоғарғы ағысындағы жағалаулар тік және биік, шоңғалдар мен сарқырамалар барАлексеев А. Н. Не сказочная река Молочная // Мелитопольский краеведческий журнал, 2017, № 9, с. 40-47. 1887 жылы белгілі геолог, академик Н.А.Соколов өзен жағасын зерттеді Алексеев А. Н. Исследователь Мелитопольщины — геолог Николай Алексеевич Соколов // Мелитопольский краеведческий журнал, 2013, № 1, с. 52-57..

Мұз басудың орташа ұзақтығы 80-90 күн, жылы қыста мұз бірнеше күн ғана қалады. Су деңгейінің қарқынды көтерілуі ақпанның екінші немесе үшінші онкүндігінің соңында басталады. Орташа деңгейдің өсу қарқыны тәулігіне 0,5 метрге дейін болады.

Тарихи мәліметтері Бір нұсқа бойынша Геродот сипаттаған Скифияның жетінші өзені — Герр — қазіргі Сүтана өзен болып табылады.

Ноғайлар өзенді — Тоқмақ деп атайтынМедведский В. И. «Токмак: археология и история»А. И. Сикалиев, «Отражение общественного строя ногайцев в героическом эпосе», Вестник АГУ, Серия 2, № 1 — 2008 год..

«Сүтана» атауы, бір нұсқа бойынша, өзен маңындағы шабындықтар мен жайылымдарды қоректендіретіндіктен, сүттің мол болуына ықпал еткендіктен пайда болған. Түрік саяхатшысы Евлия Челебидің айтуынша, бұл өзен қорғасын мен мыс рудаларының шөгінділері арқылы аққандықтан, суы сүтке ұқсас болып (түрк. «süt») сүт деп аталған. Ол тағы оны ішкендердің мойнындағы алқымының ісуі болатынын қосады.

Тармақтары Құрқұлақ Шыңғыл Құрошанлы Ұйшанлы Хараб

Суреттері

Әдебиет В. И. Медведский, «Токмак: археология и история» А. И. Сикалиев, «Отражение общественного строя ногайцев в героическом эпосе», Вестник АГУ, Серия 2, № 1 — 2008 год. Молочна ріка — диво природи — Мелітополь, 2002. — 100 с.

Дереккөздер

Санат:Украина өзендері