«Әкесінің қыздары» () — ресейлік отбасылық ситкомы.

СТС телеарнасының тапсырысымен 1-3 маусымдарын «Киноконстанта» компаниясы, 4—18 маусымдарын «КостаФильм», 19—20 маусымдарын «Yellow, Black and White» компаниялары өндірген. Телехикая СТС телеарнасында талай рет жоғары рейтингке ие болған, сондай-ақ 4 рет "ТЭФИ" телевизиялық марапатына ие болған.http://www.ctcmedia.ru/rus/press-center/releases/?id=158#.YSdXabAzYdV

Басты кейіпкер Сергей Васнецов (Андрей Леонов) — шағын жеке клиниканың отбасылық психологы жылармандық күйде қалады. Әйелі Людмила Васнецова (Нонна Гришаева) канадалық хоккейшіге кетіп қалады. Одан бетерлігі, жұмысындағы пациенттері де кетіп табыссыз қалады. Әйелі кетіп қана қоймай, 5 қызын (Мирослава Карпович, Анастасия Сиваева, Дарья Мельникова, Елизавета Арзамасова, Екатерина Старшовалар ойнайды) оның қарауына енесімен бірге қалдырып кетеді.

Комедия идеясының авторлары — Вячеслав Муругов пен Александр Роднянский. Телехикая өмірдің түрлі салалары — отбасы, махаббат, жұмыс, оқу мен достық тақырыптарын қамтыған. Бұл сериалдың басқа телехикаялардан ерекшелігі — Ресейдің шетелдік телехикаялардан көшірмесі емес, өз төлнұсқалық телехикаясы.

Телехикаяның сюжеті Басты кейіпкер Сергей Васнецов (Андрей Леонов) шағын жеке клиниканың отбасылық психологы жылармандық күйде қалады. Әйелі Людмила Васнецова (Нонна Гришаева) канадалық хоккейшіге кетіп қалады. Одан бетерлігі, жұмысындағы пациенттері де келмей қояды. Әйелі кетіп қана қоймай, бес баласын (Мирослава Карпович, Анастасия Сиваева, Дарья Мельникова, Елизавета Арзамасова, Екатерина Старшова) оның қарауына қалдырып кетеді.

Рөлдерде АктёрлерРөліАндрей ЛеоновСергей Алексейұлы ВаснецовНонна ГришаеваЛюдмила Сергеевна ВаснецоваМирослава Карпович Мария ВаснецоваАнастасия СиваеваДарья Васнецова (тұрмысқа шыққаннан кейін Васильева)Дарья МельниковаЕвгения ВаснецоваЕлизавета АрзамасоваГалина Сергеевна ВаснецоваЕкатерина СтаршоваПолина ВаснецоваОльга ВолковаАнтонина Семёновна ГордиенкоАлександр СамойленкоАндрей АнтоновАнгелина ВаргановаОльга АнтоноваТатьяна ОрловаТамара КожемяткаАлександр ОлешкоВасилия Федотова

Атап өтерлік деректер

Телехикаяның түсірілімі 2007 жылдың 13 шілдесінде басталған. "Папины дочки" басты әнінің авторы мен аранжировщиктері ағайынды Кристовскийлер («Uma2rman» тобы). Басында барлығы 60 сериал түсіру жоспарланған болатын. Алайда телехикаяның рейтингі жоғары болғандықтан, сериал жалғасын тапты. «Папины дочки» шетелдік арналарға бейімделіп таратылған алғашқы Ресей сериалы. Немістің Das Vierte арнасы 2009 жылдың көктемінде « Ein Haus voller Töchter » деген атаумен ремейк түсіре бастады және ол 2010 жылдың тамызында трансляциялана бастады.https://www.kp.ru/daily/24389.4/568038/ Ольга Антонованың рөлін ойнаған Ангелина Варганова кейіпкерінің сюжеттік желісін аяқтауға үлгермей 41 жасында пневмониядан қайтыс болды.

Сілтемелер

Ресми сайты

Дереккөздер

Санат:Ресей телесериалдары