Эрик Гарсия Мартрет (; 9 қаңтар 2001 жылҒbref.com, Барселона, Испания) — испаниялық футболшы, "Барселона" клубы мен Испания құрамасының қорғаушысы.
Карьерасы "Барселона" клубының түлегі. 2017 жылы "Манчестер Ситиге" ауысты да, бір жылдан соң кәсіби карьерасын сол клубта бастады.
2021 жылы "Барселонаға" оралды.
2023 жылдың 1 қыркүйегінде Гарсия 2023–24 маусымына өзге жоғары лига командасы Жиронаға жалға берілді. 27 қыркүйекте ол Вильярреалға қарсы сырт алаңдағы ойында Жирона үшін алғашқы голын соғып, клубына 2:1 есебімен жеңіс әкелді. Бұл нәтижеден кейін клуб өз тарихында алғаш рет Ла Лиганың көшбасшысы атанды. Ол маусымды жалпы бес голмен аяқтап, лиганың ең көп гол соққан қорғаушыларының бірі болды.
Жалға беру келісімшарты аяқталғаннан кейін Эрик Гарсия "Барселона" құрамына қайта оралды.
Ұлттық құрама сапында 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына, 2021 жылғы Еуропа чемпионатына, 2021 жылғы УЕФА Ұлттар Лигасының финалдық турниріне қатысты.
Жетістіктері
Клубтық Манчестер Сити
Англия чемпионы: 2020/21 Англия суперкубогы: 2019 Лига кубогы: 2020/21
Барселона Испания чемпионы: 2022/23, 2024/25 Испания кубогының жеңімпазы: 2024/25 Испания суперкубогының жеңімпазы: 2023, 2025
Халықаралық Испания-17
Еуропа чемпионы: 2017
Испания-19
Еуропа чемпионы: 2019
Испания-23
Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері: 2020
Испания
Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 2020 Ұлттар Лигасының жеңімпазы: 2021
Дереккөздер
Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары Санат:Испания Олимпиада чемпиондары Санат:Футболдан Олимпиада чемпиондары