Самарбай – Теңіз-Қорғалжын алабындағы тұйық көл.

Географиялық орны Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылының солтүстік-шығысында 9 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 326 м биіктікте жатыр. Аумағы 3,8 км2, ұзындығы 2,5 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 7,9 км.

Жағалау сипаты Көл жағалауы жайпақ, қамыс, құрақ өскен. Суы тұщы. Батысында Қоскөл, Жарлыкөл, оңтүстігінде Ұзынкөл көлдері бар. Көктемгі еріген қар, жер асты суларымен толысады. Қарашаның аяғында суы қатып, сəуір айында ериді. Көл төңірегі егістікке, біраз бөлігі жайылым ретінде пайдаланылады. Суына мал суарылады. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Егіндікөл ауданы көлдері Санат:Теңіз-Қорғалжын артезиан алабы