Сарытөбе – Шағырай үстіртінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қаңбақты ауылының солтүстік-батысында 70 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 253 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2,5 кмге созылған, енді жері 1 км. Көлбеу беткейлері сай-жыралармен тілімденген. Палеогеннің құм, саз, құмтас, тау жыныстарынан түзілген. Етегінде сораң өсімдіктер басым өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шалқар ауданы таулары