Қызылауыз – Лабасы тауының оңтүстік-батысындағы таулар.
Географиялық орны Жетісу облысы Көксу ауданы Қызылтоған ауылының солтүстігінде 2 км жерде, Быжы мен Көксу өзендерінің аралығында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 978 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 14 км-ге созылған, енді жері 6 км. Беткейлері сай-жыра, аңғарларымен тілімденген. Жонды-қырқалы келген. Солтүстік-батысында Сарыбастау, оңтүстігінде Арқалық, батысында Жосалы таулары орналасқан.
Өсімдігі Тауалдының қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, селеу, итмұрын, тобылғы, тал, т.б. бұталар өседі. Баурайы егістікке және мал жайылымына пайдаланылады. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Көксу ауданы таулары