Құмбел – Арасан тауының шығысындағы асу.
Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Арасан өзенінің жоғарғы ағысында 2600 м биіктікте орналасқан. Асудан жыл бойы салт атты адам өте алады.
Геологиялық құрылымы Палеозой дәуірінің герцин тау жасалу кезеңінде пайда болған. Беті төрттік шөгінділермен жабылған.
Климаты Климаты қоңыржай белдеудің тұран континеттік облысына жатады. Қаңтардың орташа температурасы 8-12°С, ал шілдеде 18-20°С, жылдық жауын-шашын мөлшері 700-800 мм. Топырақ жамылғысы тау шалғындық.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жетісу облысы асулары