Заң күші бар құжаттар. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің актілері жарлық, қаулы, өкім болып бөлінеді. Жарлықтар Қазақстан Республиасының конституциясы мен заңдары негізінде және соларды орындау үшін шығарылады; қаулылар Қазақстан Републикасының конституциясы мен заңдары және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары негізінде және соларды орындау үшін шығарылады; өкімдер Қазақстан Республикасының конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен қаулылары негізінде және соларды орындау үшін шығарылады. Өзге мемлекет органдар мен лауазымды адамдардың актілерінен айырмашылығы – Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне Қазақстан Республикасы конституциясы мен заңдарына сай келуі, заң ережелерінің сақталуы, олардың әлеуметтік-экономикалық және саяси жағынан негізделуі, тұрғысынан қойылатын талаптар өте жоғары болады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Саясат