Мойнақ — Нарын (Бұғылыөзек) каналы өзенінің арнасындағы қыстау.

Географиялық орны Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылының оңтүстік -батысында 8 км жерде орналасқан.

Сипаттамасы Батысында Ащықұдық, оңтүстігінде Қонақүй қыстаулары жатыр. Қыстау бойынан елді мекендермен байланыстыратын қара жолдар өтеді. Сортаңды қоңыр топырақ жабындысында тасбұйырғын, қара жусан, бұйырғын, бұталар т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты 4-том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2012 ISBN 9965-893-84-5

Дереккөздер

Санат:Қыстаулар Санат:Атырау облысы қыстаулары‎ Санат:Махамбет ауданы географиясы