Эдисон Висенте Мендес Мендес (; 16 наурыз 1979Эдисон Мендес, Ибарра, Эквадор) — эквадорлық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.

Карьерасы «Депортиво Кито» клубының түлегі. Ол 1997 жылы негізгі клубтағы тұңғыш маусымын өткізіп, бірден команданың негізгі ойыншысына айналды. Алайда 2001 жылға дейін ол клубтың жастар құрамасында ара-тұра ойнады.

2000 жылдан бастап Эквадор құрамасында ойнады. Дәл осы Мендестің голы 2002 жылы Хорватиямен өткен әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі құрамаға ӘЧ-дағы алғашқы жеңісті әкелді. Осыдан кейін бірқатар ағылшын клубтары ойыншыны өздеріне алғысы келді (олардың арасында Астон Вилла мен Эвертон да бар), бірақ Эдисон Эль-Насионалға ауысуды жөн көрді.

Ойын стилі Мендес дәл пастары мен алыстан соққыларымен көзге түсті. Әдетте, ол ұлттық құрамада да, өз клубында да айып добы мен бұрыштама добын жиі орындайтын. Оң аяқтың ойыншысы ретінде ол шабуылдың сол қапталында да, оң қапталында да бірдей жақсы ойнай алды. Жартылай қорғаудың ортасында да нәтижелі әрекет етті.

Жетістіктері

Командалық

Эквадор чемпионы: Ап. 2005 Нидерланд чемпионы (2): 2006/07, 2007/08 Оңт Америка кубогы: 2009

Қатысқан турнирлері

Америка кубогы: 2001, 2004, 2007, 2011 Әлем чемпионаты: 2002, 2006, 2014 КОНКАКАФ Алтын кубогы: 2002

Дереккөздер

Сілтемелер

https://www.worldfootball.net/player_summary/edison-mendez/

Санат:Эквадор футболшылары Санат:Эквадор Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Депортиво Кито ФК ойыншылары Санат:Эль Насьональ ФК ойыншылары Санат:Ирапуато ФК ойыншылары Санат:Сантос Лагуна ФК ойыншылары Санат:ЛДУ Кито ФК ойыншылары Санат:ПСВ ФК ойыншылары Санат:Атлетико Минейро ФК ойыншылары Санат:Эмелек ФК ойыншылары Санат:Индепендьенте Санта-Фе ФК ойыншылары Санат:Эквадор футбол жаттықтырушылары