Қожантау – Шошқакөл көлінің оңтүстік-шығысындағы аласа тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Айнабұлақ ауылының оңтүстігінде 4 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 626 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2,5 км-ге созылған, енді жері 1 км. Солтүстігінде Аршаты, оңтүстігінде Қаратас, батысында Суықбастау, шығысында Қараоба таулары бар.
Өсімдігі Сұр, бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында боз жусан, қара жусан, баялыш, сораң, т.б. өсімдіктер өседі. Етегі мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы таулары