«Бір кесе қымыз» — қазақ кескіндемешісі Айша Ғалымбаеваның 1967 жылы салған суреті.

Айша Ғалымбаеваның шығармашылығында қазақ халқының өнері мен мәдениеті, тұрмысы жырланды, сонымен бірге, қазақ әйелдерінің тағдыры ерекше қырынан бейнеленді. Суретші шығармашылығының өзекті арқауы — қазақ әйелдерінің бейнесі. Осы әйел адамның болмысы мен табиғатына тән, ішкі жан-дүниесін көрсететін әртүрлі сюжетке құрылған тақырыптық композициялары айрықша. Оның бір-біріне ұқсамайтын портреттерінде қазақ әйелінің табиғаты, оның өз заманындағы сәнді өмірі, бақытты тағдыры салтанатты бейнеленеді. Айша Ғалымбаеваның туғанына 100 жыл толуына орай көрме ашылды — «Өнер порталы», 12.01.2018.

Осы суреті үшін суретшіге Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілген болатын.Айша Ғарифқызы Ғалымбаева (1917 - 2008 жж.)

Дереккөздер

Тағы қараңыз Қымыз

Санат:Айша Ғалымбаева суреттері