Қыржол – Темірлік жотасының оңтүстік бөлігіндегі асу.
Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыбастау ауылының солтүстік-шығысында 51 км, Қытаймен шекаралас жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2735 м. Мамыр-желтоқсан айларында салт атты адам өте алады. Беткейлік шайылумен бірге бойлық эрозия әрекеттері күшті дамыған. Батысынан Сатылыхасан өзенінің саласы бастау алады. Жатық беткейлі тар өзен арналары жоғары қарай біртіндеп сатылы жонды қырқаларға ұласады. Оңтүстік-батысында Сарытау, батысында Үшхасан таулары бар. Асудың биік белдеуінде қылқанды орман өскен. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Алматы облысы асулары Санат:Қытай асулары