Қарашакөл – Өлкейек алабындағы көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Науырзым ауданы жерінде, теңіз деңгейінен 119 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 4,4 км2, ұзындығы 3,8 км, енді жері 1,9 км, жағалау бойының ұзындығы 56,5 км2. Көлді бір топ (Жетікөл, Қоскөл, Дәуленкөл) шағын көлдер қоршап жатыр. Көл суы қараша айының 2-жартысында қатып, сәуірдің 1-онкүндігінде ериді.
Жағалау сипаты Жағалауында қамыс, құрақ өскен. Алабының басым бөлігі жыртылған.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Науырзым ауданы көлдері