Құсмұрын – Борлықақ көлінің оңтүстігіндегі аласа тау.

Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Жорға ауылының солтүстік-шығысында 56 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 922 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5,5 км-ге созылған, енді жері 4 км. Беткейі тілімделген, таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Оңтүстік баурайындағы қазылған кеніштің тереңдігі 17 м-ге дейін жетеді. Террикондардың биіктігі 13 м. Батысында Ойқұдық қонысы, оңтүстік-батысында Шұбартөбе тауы мен көлі бар.

Өсімдігі Тауалдының күңгірт қоңыр топырақ жамылғысында боз, бетеге, селеу аралас бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы таулары