Сарытау – Ұлытау тауларының шығысындағы оқшау тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Бозтұмсық ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 25 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 675 м. Тау бойлық бағытта 5 км-ге созылған, енді жері 3 км. Орта бөлігінің беткейі біршама тіктеу, етек жағының беткейлері жатық келген. Ол айналасындағы жазық далаға ұласады.

Өсімдігі Бозғылт қоңыр, сортаңды қоңыр топырағында бұта аралас қараған, жусан, ши, теріскен, селеу, еркек шөп, т.б. шөптесіндер өскен. Шығыс етегінде бұлақ көздері бар.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы таулары