Бөгенбай батыр ескерткіші Астана қаласында 2007 жылы ашылды.
Бөгенбай батыр (1680-1775) — XVIII ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, ұлы қолбасшы.
Ескерткіште батыр ат үстінде бейнеленген. Бір қолын жоғары көтеріп, ел шетіне келген жауды бөгеп тұрғандай. Ал екінші қолындағы алдаспан сол кезеңнің алмастай қылпыған қауіп-қатерін аңғартып тұрғандай көрінеді. Ескерткіш биіктігі 11,3 метр, оның ішінде ат үстіндегі батыр мүсінінің биіктігі 6,3 метр. Авторы — белгілі мүсінші Тоқтар Ермеков.Бөгенбай батыр ескерткіші — «Астана ақшамы», 15.10.2020.
Дереккөздер
Тағы қараңыз Бөгенбай батыр ескерткіші (Ерейментау)
Санат:Астана ескерткіштері