«Magnum Cash&Carry» — Қазақстанның ірі сауда-бөлшек сауда желісі елдегі ең ірі жеке компаниялардың ондығына кіреді. Негізгі қызметі тұтыну тауарларын сату болып табылады50 крупнейших частных компаний РК — 2018: рейтинг Forbes Kazakhstan forbes.kz. Компания әртүрлі форматтағы 184 сауда кешеніне ие (гипермаркеттер, супермаркеттер және де "Magnum-express" пен "Magnum daily" шағын форматтағы дүкендер).

Құрылтайшылар "Magnum Cash&Carry" ЖШС құрылтайшысы болып табылады:

«Caspian Trading Investment Co. Ltd еншілес компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Басшылық Басқарма Төрағасы - Азамат Османов

Тарихы Компания өз тарихын 2007 жылдың 14 қыркүйегінен бастады, алғашқыда Алматы қаласында Magnum дүкені ашылды. "Magnum" сөзі  — «үлкен, ұлы» деген мағынаны береді.

Қазақстанның 12 қаласында: Алматы, Астана, Қаскелең, Қарағанды, Талдықорған, Шымкент, Петропавл, Қызылорда, Тараз, Түркістан, Өскемен, Есік қалаларында, сондай-ақ Өзбекстандағы Ташкентте дүкендер желісі орналасқан. "Magnum Cash & Carry" сауда-бөлшек тауарларын сатып алушылардың жалпы саны күніне 350 000 адамнан астам сатып алады. Қызметкерлер саны 12000 адамнан асады.

"Magnum" туралы фактілер Қазақстандықтар "Magnum" желісінде 350 млн-нан астам сауда жасаған "Magnum" желісінің сауда кешендерінің жалпы ауданы шамамен 400 мың шаршы метр 1200 тауар жеткізуші "Magnum" желісімен жұмыс істейді, оның ішінде 700-ден астамы қазақстандық өндіріс тауарларын жеткізушілер Magnum атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасында мемлекеттің серіктесі болып табылады. Көп балалы отбасылардан шыққан 90 мыңнан астам бала Magnum компаниясы арқылы ай сайын кепілдендірілген әлеуметтік азық-түлік жиынтықтарын және тоқсан сайын азық-түлік емес тауарлар жиынтықтарын алады. Magnum Ритейл саласындағы Қазақстанның ірі салық төлеушілерінің бірі болып табылады: компания жұмыс істеген 14 жыл ішінде бюджетке 58 млрд теңгеден астам қаржы аударылды. "Magnum" желісіндегі барлық тауарлардың 50%-ға жуығы Қазақстанда өндірілген11 фактов о Magnum zakon.kzВ Magnum рассказали, какие требования выставляют поставщикам tengrinews.kz Magnum Қазақстанның 100 ірі салық төлеушілерінің қатарына кіреді

Дереккөздер

Сілтеме «Magnum Cash&Carry» Сауда-бөлшек желісінің ресми сайты «Magnum Cash&Carry» Сауда-көтерме сауда желісінің ресми сайты «Magnum Cash&Carry» Facebook-тегі ресми парақшасы «Magnum Cash&Carry» Instagram-дағы ресми парақшасы «Magnum Cash&Carry» YouTube-тағы ресми арнасы Казахстанские фермеры и ритейл: как продуктам попасть на прилавки zakon.kz Ретейлеры Казахстана: «Главный наш конкурент — базар, и это проблема для государства» tengrinews.kz Ретейл: рынок консолидируется, слабые одиночки уйдут kapital.kz

Санат:Қазақстанның сауда желілері