Соркөл – Сарыбұлаққұм құмының батысындағы тұйық көл. Ырғыз алабында.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылының оңтүстік-шығысында 21 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 85 м биіктікте жатыр. Аумағы 4 км2, ұзындығы 3,2 км, енді жері 1,3 км, жағалау бойының ұзындығы 8,4 км. Көктемде солтүстік бөлігінен жылға құяды. Негізінен жер асты жəне жауын-шашын суларымен толысады. Жағалауында сор, батпақты қалың қамыс өскен. Қараша айының аяғында суы қатып, наурыздың аяғында ериді. Көлдің солтүстігі мен шығысында ұсақ көлдер мен сор жерлер кездеседі. Алабы шабындық жəне жайылым.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ырғыз ауданы көлдері Санат:Ырғыз су алабы