Сарышоқы – Сауыр жотасының солтүстік-батыс бөлігіндегі тау сілемі.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Жаңатұрмыс ауылының оңтүстік-шығысында 28 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2407 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 15 км-ге созылған, енді жері 7 км. Беткейлері тіктеу бірнеше таудан тұрады. Солтүстік-шығысқа қарай аласарып, жақпартас пен қиыршықтастың үйінділері кездеседі. Тауды Қараүңгір өзенінің салалары – Дараөзек жəне Сылдырама суайрығы бөліп жатыр. Батыс беткейінде қылқан жапырақ, қалған бөлігін жалпақ жапырақты сирек орман ландшафтысы көмкерген.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Зайсан ауданы таулары