Сарышоқы – Қызылтау тауларының батыс бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 773 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 7 км-ге созылған, енді жері 2,5-3 км. Беткейлері тіктеу, тауаралық аңғарлар жəне сайжыралармен тілімденген. Етегінде қорымтастың мол үйінділері шоғырланған. Солтүстік-батысында Қарақуыс, шығысында Əулиетас тауларымен жалғасады.
Өсімдігі Тауалдының қиыршықтасты қоңыр топырақ жамылғысында қараған, тобылғы бұталары аралас сұлыбас, қылқан селеу, бетеге, жусан өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Баянауыл ауданы таулары