Марат Бақытжанұлы Бекетаев (29 тамыз 1977, Шымкент) — қазақстандық саясаткер, заңгер. 2016—2022 жылдары Әділет министрі болып қызмет етті.

Өмірбаяны Қазақ мемлекеттік заң институты заңгер мамандығы бойынша тәмамдады (1998). Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебі (2000).

2001-2002 — Алматы қаласындағы Британ Кеңесінің құқықтық мәселелер жөніндегі консультанты, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің "Дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі департаменті" РМК-ның сектор меңгерушісі; 2002-2003 — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің "Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқармасы" ЖАҚ бастығы ; 2003-2004 — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бөлім бастығы, басқарма бастығы, кеңесшісі; 2004 — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және тестілеу орталығы директорының орынбасары; 2004-2006 — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің "Мемлекеттік қызметшілерді оқыту Еуразиялық орталығы" РМҚК директорының орынбасары, директоры; 2006-2007 — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі; 2007 — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшіс; 06.2007-04.2010 — Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрі; 04.2010-12.2015 — Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы; 11.12.2015-13.09.2016 — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Орынбасары; 13.09.2016-11.01.2022 — Қазақстан Республикасының Әділет министрі; 2022 жылдың қаңтарынан — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.

Басқа лауазымдар: "Eurasian Natural Resources Corporation" компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі (02.2008); "Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі 04.2009); Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшесі (11.01.2017 ж. бастап); Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі (17.04.2017 ж. бастап); Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі (12.10.2019 ж. бастап)

Марапаттары "Құрмет" Ордені (2011)

Отбасы Әйелі: Бекетаева (Нұрпейісова) Гүлнара Мулікқызы Балалар: қыздары-Алина (2008), Малика (2013)

Сілтемелер Бекетаев Марат Бакытжанович

Санат:Қазақстан әділет министрлері Санат:Қазақстан заңгерлері