Суықтөбе – Жетіжол жотасының шығыс бөлігінде орналасқан тау сілемі.

Географиялық орны Алматы облысы Жамбыл ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 3273 м, ұзындығы 14 км, енді жері 5 км. Жер бедері орта таулық, жалдары тегістелген, беткейлері тік, сай-жыралармен тілімденген. Оңтүстік-шығыс баурайынан Қастек, солтүстігінен Жиренайғыр өзендері бастау алады.

Геологиялық құрылымы Негізінен тас көмір кезеңінің кристалдық тақтатасынан, гнейстен, кейбір тұсында жер бетіне шығып жатқан гранитоидтардан түзілген.

Өсімідігі Тауалдының далалық қоңыр топырақты белдеуінде (800 – 1400 м) бидайық, тарғақ шөп, бозшағыл, т.б. шөптесіндер өседі. 1400 – 2600 м биіктіктегі шалғынды қара топырақты жерлерінде орман сирек кездеседі, үстіртті-жонды белдеуінде (2600 м-ден биікте) доңызот, самалдық, байғұт, субальпілік шалғын өскен."Қазақ энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) таулары