Қосшы – Ақтау тауларының оңтүстік-батысындағы таулар.
Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау ауылының солтүстік-шығысында 20 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 983 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 10 км-ге созылған, енді жері 3,5 км. Беткейлері тіктеу, тізбектелген екі шоқыдан тұрады. Таудан Балта, Боранбай өзендерінің салалары бастау алады. Батысында Қызылтас, оңтүстігінде Қотыржал таулары бар.
Өсімдігі Қиыршықтасты, қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, т.б. өсімдіктер өседі. Мал жайылымына қолайлы.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы таулары