Сарыоба – Жаманкөң өзенінің жоғарғы ағысында, Шұбаркөл тас көмір кен орнының шығысында 26 км жердегі оқшау аласа тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Тікенекті ауылының батысында 22 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 518 м. Ендік бағытта 5 км-ге созылған, енді жері батысында (3,5 км). Жатық келген беткейлері айналасындағы сайлыжыралы далаға ұласады.
Өсімдігі Топырағы негізінен қоңыр, құмайтты қоңыр. Онда бетеге, көде, қылқан селеу, күйреуік, т.б. шөптесіндер өседі. Солтүстік-шығысында бұта шоғырлары кездеседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы таулары