Қаратөбе – Ұлытау тауларының оңтүстік-шығысындағы шоқылы тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Жезқазған қаласының оңтүстік-батысында 46 км жерде орналасқан. Қумола өзенінің аңғарында.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Абсолюттік биіктігі 395 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км шамасында. Беткейі тіктеу, таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстік-шығысында Сарыоба таулары мен Бекембетсай қонысы бар.
Өсімдігі Қиыршықтасты, сұр және сортаң топырақ жамылғысында қара жусан, бұйырғын, баялыш, жүзгін, теріскен, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы таулары