Қаратөбе – Желтау тауларының солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мыңарал стансасынан солтүстік-батысқа қарай 30 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 443 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 3 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Солтүстігінде Ортажартас, Үлкентақыр, оңтүстігінде Үлкенжол төбелерімен, шығысында Балқаш көлімен шектеседі.

Өсімдігі Қиыршықтасты сұр қоңыр топырақ жамылғысында ақ жусан, бұйырғын, қара баялыш, күйреуік басым өседі. Мал жайылымына қолайлы. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Мойынқұм ауданы таулары