Қаратау – Барқын құмының солтүстігіндегі төбе.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Құмжарған ауылының солтүстігінде 10 км жерде орналасқан. Ойыл өзенінің аңғарында.
Сипаты Абсолюттік биіктігі 206 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 3,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Беткейлері көлбеуленген, бірнеше ұсақ жонды қырқалардан тұрады.
Өсімдігі Ашық қоңыр топырақ жамылғысында жусан, еркек шөп, жантақ, бұталар, т.б. өседі. Мал жайылымына пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ойыл ауданы таулары Санат:Төбелер