Magsat (Magnetic field Satellite) немесе Explorer 61 — Жердің магнит өрісін картаға түсіруге арналған америкалық жасандысерік. Ғарышқа 1979 жылдың 30 қазанында ұшырылды.
Жасандысерік полюсқа жақын геоцентрлік орбитаға шығарылды, орбитаның перигейі 351,9 шақырым, апогейі 578,4 шақырым болды. Айналу периоды 94 минутқа дейін барды. нобай|солға|Magsat жасаған магнитосфералық карта Жасандысеріктің екі магнитометрі болды: скалярлық және векторлық. Аппараттың өз электромагниттік тербелістері магнитометрлерге әсер етпес үшін, олар ғарышта арнайы құрылғымен аппараттан алшақтатылып шығарылды. Сонда магнитометрлердің негізгі модульден қашықтығы 6 метрге дейін жетті.НАСА-дағы мәлімет
Magsat өз миссиясын 1980 жылдың 11 маусымында бітіріп, атмосфераға кірді.
Дереккөздер
Санат:Жер серіктері Санат:Ғарыш техникасы