Қожакөл – Ақмола облысы Ақкөл ауданының солтүстік-шығысындағы күмбез пішінді тау. Ақкөл қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 453 м, ұзындығы мен ені 2-2,5 км. Таудың солтүстік-шығыс етегімен Қараөзен сайы өтеді, шығысында Тоқпақ қонысы жатыр. Беткейлері тік және нашар тілімденген.

Геологиялық құрылымы Жер қыртысы жоғарғы девонның гранитті тау жыныстарынан түзілген. Оның бетін сүйірлі-қиыршықтасты элювийлі-делювийлі шөгінділер жауып жатыр.

Өсімдігі Даланың сортаңды қара топырағында әр түрлі бетегелі-сұлыбасты және жусанды-бетегелі өсімдіктер өскен. Кейбір жерлерінде бұта шоғырлары кездеседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ақкөл ауданы таулары