Алурлар (жоалур — өз атауы алуа, алулу, лури) — Конго Демократиялық Республикасы мен Угандадағы халық. Жалпы саны 750 мың. Конго Демократиялық Республикасында 450 мың адам, Угандадағы саны 300 мың адам.
Тілі Тілі дхо алур тілі. Диалектілері: йокот, нан, мамбиса, ваниоро.
Діні Халықтың көпшілігі дәстүрлі наным-сенімдерді ұстанады, олардың ішінде ата-баба культі, тотемшілдік кең таралған.
Тарихы 15 ғасырға дейін алурлардың ата-бабалары Эль-Газал мен Ақ Ніл өзендерінің аралығында өмір сүрді, содан кейін қазіргі Уганда аумағына қоныс аударды, онда олар жергілікті ленду және мади тайпаларымен, сондай-ақ банту халықтарымен (Бира, Банди, т.б.) араласты.
Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсіптері: жазық аудандарда – қолмен атқарылатын егіншілік (тары, жүгері, бұршақ, күнжіт, маниок), таулы жерлерде – мал ұстау (ірі қара, қой, ешкі). Қолөнерден – ұсталық, ағаш ою, төсеніш, себет тоқу дамыған.
Өмір салты Қоғамдық ұйымның негізін көршілес-тайпалық қауым құрайды. Рулық бірлестіктер, касталық жіктелу, феодалдық қатынастар дамыды.
Дереккөздер
Санат:Конго Демократиялық Республикасы халықтары Санат:Уганда халықтары