Ақшуғақ () – астралылар тұқымдасының жусан туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік немесе шала бұта. Ақшуғақтың түк басқан сабағы жас кезінде боз болады да, кейін түгі түскен соң қоңырланады. Тамыры жуан, қысқа жапырақты, жеміс шығатын өркендері аз. Гүлі қысқа сағақты, гүл шоғы шашақты, қос жынысты, сары немесе қызғылт түсті келеді, қыркүйек – қазан айларында гүлдейді. Қазақстанда құмды, таулы-тасты аудандарда кездеседі. Әсіресе Қызылқұмда, Қаратауда, Түркістанда жиі ұшырайды. Ақшуғақ мал азығы ретінде пайдаланылады, әсіресе мал семіртуде маңызы зор, оның мамыр – маусымда қоректік құны мол. Ақшуғақ жеген қойдың майының дәмі жақсарады, малдың суыққа төзімділігі артады. Ақшуғақ сүрлемге ашытқы ретінде қосылады. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы.

Сілтемелер

Санат:Жусандар Санат:Күрделігүлділер