Қослықты – Байғұл тауларының солтүстігіндегі шоқылы тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Жаңаарқа кентінің батысында 47 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 655 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км шамасында. Беткейі көлбеу, көптеген тізбектелген шоқылардан тұрады. Солтүстігінде Жаманадыр тауы, шығысында Қараөзен қонысы, оңтүстігінде Тоқта (Тоқты) таулары, батысында Құдайменде өзені ағып өтеді.
Өсімдігі Сұр қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас астық тұқымдас шөптесіндер, қылқан селеу, бетеге, т.б. өседі. Шөбі шүйгін бұлақтардың бойы мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы таулары