Қаратас – Сарықұм құмының оңтүстік-батысындағы оқшауланған төбе.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Тасарал ауылының солтүстігінде 31 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 402 м. Батыстан шығысқа қарай 2,5 км созылып жатыр, енді жері 1 км. Беткейі жайпақталып жазыққа ұласады. Солтүстігі мен шығыс бөліктерінде Мыңшұңқыр қонысы, батысында Ақмая құдығы орналасқан.

Өсімдігі Сортаңды бозғылт топырақ жамылғысында шөл өсімдіктері өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары