Kolesa Group — қазақстандық АТ-компанияKolesa выходит на рынок Узбекистана Владельцы ТОО «Колёса»: Новый сайт станет крупнейшим в Казнете. Компанияның бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.
Қызметі нобай|ортаға|300px Kolesa Group компаниясы «Колёса», «Крыша», «Маркет» сауда маркаларының иесі болып табылады және kolesa.kz, krisha.kz, market.kz, avtoelon.uz сияқты интернет-сайттарын басқарады. Жобалардың мамандануы — Қазақстанда автомобильдерді, жылжымайтын мүлікті, тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алу туралы жеке хабарландыруларды орналастыру және жариялау сервистері.
Меншік иелері және басшылық 2020 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша компанияның иелері Михаил Ломтадзе және Baring Vostok қоры болып табылады.
Директоры — Николай Бабешкин, бақылау кеңесінің төрағасы — Михаил Ломтадзе.
Тарихы Компанияны Вали Хуснутдинов 1996 жылы құрған. Ол 1996 жылдан 2012 жылға дейін «Колёса» ЖШС иесі және директоры болды«Я ориентирован на процессы, а не на людей» . Компанияның негізгі қызметі «Колёса» ішінара суреттелген газет басылымын шығару болды, онда барлық тілек білдірушілер өз хабарландыруын фотосуретімен және автомобильдің техникалық сипаттамасымен орналастыра, сондай-ақ өздерінің байланыс деректерін көрсете алды.
1996 жылдың 2 тамызында Қазақстанда «Колёса» газетінің бірінші нөмірі — автомобильдерді сатып алу-сату туралы басылым18 лет — ТОО «Kolesa.kz» , ал 2006 жылдың 30 сәуірінде аттас сайт kolesa.kz іске қосылды. «Колёса» газеті Алматы, Астана және Қазақстанның басқа да қалаларында жарық көрген. Нөмірде автомобильдерді, мотоциклдерді, арнайы техниканы сатып алу, сату, айырбастау, қосалқы бөлшектерді сату, автосервис қызметтері туралы жеке хабарландырулар болдыГазеты Крыша и Колеса были убыточными последние полгода Газеты Крыша и Колеса были убыточными последние полгода.
«Крыша» газеті 1997 жылдың қыркүйегінде іске қосылып, апта сайын жарық көрді. Әрбір шығарылымда жылжымайтын мүлікті сатып алу, сату, айырбастау, маклер және басқа да ілеспе қызметтер туралы жеке хабарландырулар болды.
2013 жылы компанияны Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе сатып алды, ал 2014 жылы компанияға 15 миллион доллар инвестициялаған Baring Vostok қоры тағы бір акционер болдыВ «Крышу» и «Колеса» пришел инвестор Яндекса.
2014 жылы компания Market.kz жаңа онлайн-сервисті іске қостыKolesa.kz вышли на рынок Узбекистана.
2015 жылы Kolesa Group баспа жобаларын жауып, өз күшін онлайн-жобаларды қолдауға және дамытуға бағыттадыЗакрываются газеты Колеса и Крыша.
2018 жылы Avtoelon.uz онлайн-сервисі іске қосылып, Өзбекстан нарығына шықтыKolesa Group вышла на рынок Узбекистана с онлайн-сервисом Avtoelon.
2019 жылы "Қазақстанның топ 30 мобильді қосымшасы" рейтингінде Kolesa.kz қосымшасы 1 орын алды (қатарынан алтыншы рет), Krisha.kz — 3 орын, Market.kz — 5 орын.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан сайттары Санат:Қазақстан АТ-компаниялары