Давид Чалмерс (, толық есімі Давид Жон Чалмерс"The Thinking Ape: The Enigma of Human Consciousness", via YouTube, 1966 жылы 20 сәуірде туған) — сана философиясы мен тіл философиясы салаларында танымал австралиялық философ және таным ғалымы. Ол Нью-Йорк университетінің философия және нейронды ғылымдар профессоры, сондай-ақ Нью-Йорк университетінің сана, ми және зерде орталығының кодиректоры (Нед Блокпен бірге). 2006 жылы Австралия гуманитарлық ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі болды. Ал 2013 жылы ол Америка өнер және ғылым академиясының корреспондент мүшесі болды.

Чалмерс зерденің аса қиын мәселелерін жаңа тұрғыда тұжырымдауымен танымал. Ол сондай-ақ Дэвид Буржемен бірге PhilPapers (философия саласындағы мамандар мен студенттерге арналған мақалалардың дерекқоры) сайтының негізін қалаушы.Welcome to PhilPapers https://philpapers.org/

Сыртқы сілтемелер Дэвид Чалмерс: Сананы қалай түсіндереміз? (Қазақша) Жеке сайты Чалмерс негізін қалаған PhilPapers

Дереккөздер

Санат:Сана философиясы Санат:Тіл философтары Санат:Онтологистер