Елді мекен: Көкдомбақ – Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы ауыл.
Таулар: Көкдомбақ – Үлкен Күйкентай тауының батысындағы тау. Көкдомбақ – Арқарлы тауларының батысындағы төбе. Көкдомбақ – Балқаш көлінің солтүстігіндегі шоқы. Көкдомбақ – Жақсыкөң және Жаманкөң өзендерінің аралығындағы оқшауланған тау массиві. Көкдомбақ – Теңіз көлінің оңтүстігіндегі ұсақ шоқылы оқшауланған тау массиві. Көкдомбақ – Жетіқоңыр және Мойынқұм құмды алқаптары аралығындағы қырат. Көкдомбақ – Қосқамбай тауының оңтүстік-шығысындағы шоқылы тау.
Көл: Көкдомбақ – Сарықұм құмының солтүстік-шығыс бөлігіндегі тұзды тұйық көл.